Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан ДСҰ-ның ішкі реттеу қағидаларына қосылады

kz.kursiv.media

Қазақстан ДСҰ-ның ішкі реттеу қағидаларына қосылады

Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) аясындағы қызметтер бойынша міндеттемелеріне өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын қарады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қазақстан 2015 жылы тиісті хаттаманы ратификациялау арқылы ДСҰ-ға қосылды. Хаттамаға Қазақстанның тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін қамтитын 18 қосымша енгізілген. Солардың бірі – көрсетілетін қызметтер бойынша ерекше міндеттемелер тізбесі.

Осы тізбеге енгізілетін өзгерістерді ратификациялау арқылы Қазақстан ДСҰ-ның көрсетілетін қызметтерді ішкі реттеу жөніндегі қағидаларына қосылады. Аталған қағидалар көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметті жүргізу шарттарының ашықтығын арттыру арқылы болжамды іскерлік ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжат лицензиялау талаптары мен рәсімдерін, білікті талаптарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер саласындағы стандарттарды қамтиды. Осы қағидаларға қосылу арқылы Қазақстан отандық көрсетілетін қызметтер нарығының қызметтерді лицензиялау және реттеу бөлігінде әлемдік талаптарға сәйкес келетінін көрсетеді. Осылайша, Қазақстанның көрсетілетін қызметтер нарығының шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы артады.

Сонымен қатар қағидаларды қабылдау көрсетілетін қызметтер саудасын әділ және ашық реттеуді қамтамасыз етуге, әкімшілік рәсімдерді оңайлатуға, реттеуші талаптардың ашықтығын арттыруға және шетелдік әрі отандық көрсетілетін қызметті берушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді деп күтілуде. Анықтама үшін: Қағидалар ДСҰ-ның 60 мүшесінен тұратын топтың қатысуымен әзірленді және Қазақстан әзірлеу процесіне белсенді қатысты.

Көрсетілетін қызметтерді ішкі реттеу жөніндегі келіссөздерді аяқтау туралы декларация 2021 жылғы 2 желтоқсанда Женевада қабылданды. Бүгінде Қағидаларға 72 қатысушы ел қосылды.

Тағы да оқыңыз: Өзбекстан 2026 жылы ДСҰ-ға кірсе, Қазақстанға пайдасы бар ма

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар