Алматыда самокатшыларға рейд: 6 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды
25 тамыздан бастап Алматы полициясы қала көшелерінде электросамокат жүргізушілеріне қатысты күшейтілген рейдік жұмыстар жүргізді. Алғашқы аптаның қорытындысы бойынша ереже бұзған тәртіпті тізгіндеушілерге қатысты 6 044 әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл туралы Алматы полиция департаменті Kursiv.Media жіберген сауалына жауап берді.
Одан бөлек, талапқа сай келмейтін немесе ережені өрескел бұзған 2 489 электросамокат арнайы айыптұрақтарға қойылды. Сұранысқа ие бұл көлік түрін тізгіндеушілерді бақылау күн сайынғы рейстер арқылы тұрақты жүргізіліп келеді.
Тротуармен ережеге қайшы жүру, шлемсіз немесе тиісті құжаттарсыз жолға шығу, жолаушы мен жүк тасу, өткелде самокаттан түспеу сияқты бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша ескерту жасалады немесе 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Егер апаттық жағдай туындаса, айыппұл мөлшері арта түседі.
Қазіргі уақытта «самокат патрульдері» мен жаяу/мото патрульдер саябақтарда, орталық көшелерде кезекшілік етіп, шерингтік компаниялардың жылдамдық режимін бақылауды да қолға алған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026