Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда есік алдындағы көлікте ұйықтап жатқан баланы полиция бірнеше сағат іздеген

kz.kursiv.media

Павлодарда есік алдындағы көлікте ұйықтап жатқан баланы полиция бірнеше сағат іздеген

Павлодарда есік алдында көлікте ұйықтап жатқан баланы полиция мен ата-анасы бірнеше сағат іздеген, деп хабарлайды Kursiv.media.

Павлодар-онлайн мәліметінше, серуендеуге шыққан бала жоғалып кеткен. Ата-анасы алаңдап, полициядан көмек сұраған.

Облыстық полиция департаменті із-түзсіз жоғалған баланы табу үшін аянбаған. Анасы полицияға жүгінгеннен кейін іздеу жұмыстарына кезекші және жедел топ қызметкерлері бірден іздеуге кіріскен.

Бірнеше сағаттан кейін баланы жедел уәкіл Рустам Сатвалдин мен Солтүстік полиция бөлімінің кезекші көмекшісі Айдар Ержанов тапқан.

«Жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бала үш сағаттан кейін аман-есен табылды. Кейін белгілі болғандай, бала ауладан шықпай ойнап жүрген. Есігі ашық көлікке кіріп, шаршаған соң ұйықтап қалған», – деп хабарлады полиция департаменті.

Баланың анасы Солтүстік полиция бөлімінің басшылығы мен барлық жеке құрамына алғысын білдірді.

Ал Семейде жоғалып кеткен қос жасөспірім жергілікті тұрғындардың бірінің ауласынан табылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар