Жаңбыр жауып, жел күшейеді: таяу күндері ауа райы күрт өзгереді
Синоптиктер 17, 18 және 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елде жақын күндері ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Температураны төмендетіп, жауын-шашынды тоқтатқан антициклоннан кейін ел аумағына циклон жылжи бастайды.
«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келетін циклон жылжи бастайды», – делінген хабарламада.
Ал республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз, негізінен жылы ауа райы сақталады.
Алматы
Шымкент
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026