Алматыда LEZ жобасы басталды: ескі автокөліктерге тыйым салына ма
Алматы қаласының әкімдігі 2026 жылдың сәуір айынан бастап қалада Төмен шығарындылар аймағы (Low Emission Zone — LEZ) пилоттық режимде жұмыс істей бастағанын хабарлады. Бұл бастама мегаполистегі ауаның ластануын азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
LEZ (Төмен шығарындылар аймағы) – бұл арнайы экологиялық талаптар қолданылатын аумақ. Ол тек автокөліктерге ғана емес, ауаны ластайтын өзге де көздерге қатысты болады. Алайда статистика бойынша, Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы көліктерге тиесілі.
LEZ аймағында көліктің шығарылған жылы емес, оның нақты техникалық жағдайы мен бөлетін зиянды шығарындыларының деңгейі маңызды.
Егер ескі көліктің шығарынды тазарту жүйесі дұрыс жұмыс істесе, ол белгіленген экологиялық талаптарға толық сай болуы мүмкін. Керісінше, катализаторы алынып тасталған немесе қозғалтқышында ақауы бар жаңа көлік көбірек зиянды түтін шығаруы ықтимал.
Тексеріс кезінде бензинмен, дизельмен және газбен жүретін автокөліктер сараптамадан өтеді:
Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып жатқандықтан, қазіргі уақытта тексеруден өту міндетті емес. Тексеруден өтпегені үшін немесе LEZ аймағына кіргені үшін айыппұл салынбайды.
Қандай да бір жауапкершілік немесе шектеулер енгізілуі үшін қала әкімдігі алдымен LEZ аймағының нақты шекарасын бекітуі тиіс. Шектеулердің нақты мерзімдері мен талаптары пилоттық жобаның нәтижесіне қарай анықталады.
Бұған дейін, Алматыда Esentai Mall маңындағы Әл-Фараби даңғылының қозғалысы өзгеретінін жазған едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026