Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аю зейнеткер әйелдің терезесін сындырып кіріп, талап өлтірді

kz.kursiv.media

Аю зейнеткер әйелдің терезесін сындырып кіріп, талап өлтірді

Ресейде аю жеке үйдің ауласында зейнеткер әйелге шабуыл жасап, мерт қылған, деп хабарлайды Kursiv.media.

Prmira ақпаратына қарағанда, ол әйелді сыртқа терезеден сүйреп шығарған.

Қайғылы оқиға Краснояр өлкесінің Ермаков ауданы Жоғарғы Кебеж ауылында болған. «ПМ» басылымына хабарлаған дереккөздің мәліметінше, 66 жастағы әйелдің денесі бүгін, 16 қыркүйек күні таңертең табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер әйел үйінің аумағына аю кіріп кеткенін естіген. Ол терезеден сыртқа қараған кезде, аю оны байқап, терезе жақтауын сындырып кіріп, әйелді үйден сүйреп шығармақ болған.

Жыртқыш әйелдің денесін үйдің ауласына тастап кеткен. Сондай-ақ дереккөздің айтуынша, марқұмның үйінде көршісі де болған. Алайда қайғылы оқиға болған сәтте ол ұйықтап жатқан. Қазір аю іздестіріліп жатыр.

Бұған дейін 31 тамызда Енисей ауданында аю саңырауқұлақ теріп жүрген екі зейнеткер әйелді талап өлтірген болатын.

6 қыркүйекте аю Заозерный қаласының 40 жастағы тұрғынын өлтірді.

ШҚО-да да аюлар саяжайға кіріп, тұрғындарды шошытқан. Бір адамға шабуылдаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар