Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайды

kz.kursiv.media

Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайды

Грузия шетелдіктер үшін еңбек ережелерін қатаңдатып, заңсыз жұмыс істегендерге депортация жасау, айыппұл салу немесе елге кіруге бес жылға тыйым салу шараларын енгізді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, шектеулер 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

СІМ қазақстандықтар үшін Грузияға кіру және онда болудың 365 күндік визасыз режимі сақталатынын атап өтті. Алайда бұл режим жұмыс істеуге құқық бермейді.

«Осыған байланысты Грузияда жұмысқа орналасуды, кәсіпкерлік немесе басқа да ақы төленетін қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына мұндай қызметті бастамас бұрын грузин заңнамасында көзделген жұмыс істеу құқығының бар екеніне көз жеткізу қатаң ұсынылады», – деп ескертті Сыртқы істер министрлігі.

Министрлік қазақстандықтарды Грузия заңдары мен көші-қон ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ айыппұл салуға, елден шығарып жіберуге және кейіннен кіруге шектеу қоюға әкеп соқтыратын бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ АҚШ-та заңды мәртебесіз ұзақ жыл тұрған азаматша туралы ақпарат берген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар