Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуропа Қазақстан мұнайына көшіп жатыр

kz.kursiv.media

Еуропа Қазақстан мұнайына көшіп жатыр

Польшаның мұнай өңдеу компаниясы Orlen Қазақстаннан мұнай сатып алуға көшкенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Reuters агенттігінің жазуынша, Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты іркілген Сауд Арабиясынан келетін мұнай жеткізілімдерінің орнын қазақ шикізатымен толтырмақ.

Бұған дейін Сауд Арабиясының Aramco компаниясы Orlen-ге жеткізілетін мұнай шикізатының шамамен 40%-ын қамтамасыз етіп келген. Reuters есептеуінше, тоқтаған жеткізілімдердің жалпы құны 1,5 млрд долларға дейін жетуі мүмкін.

Бұл компания 11 елде жұмыс істейді. Польшаның ең ірі мұнай өңдеушісі. Orlen компаниясы Қазақстан, Әзербайжан, Норвегия және тағы бірнеше мемлекеттен Польша, Литва және Чехиядағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу үшін мұнай сатып алған.

Нақты көлемі мен келісім сомасы әзірге айтылған жоқ. Алайда бұл Еуропа елдерінің Қазақстан мұнайына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.

Айта кететін жайт, Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай қоспасы CPC Blend күрт қымбаттады. 15 қыркүйектегі дерек бойынша оның бір баррелі $123,48-ға жетті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар