Ақтөбе облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты
Теміржол өткелінде жүк көлігі мен жүк пойызының тепловозы қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, аталған жол учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Оқиға 16 қыркүйекте Ақтөбе облысындағы «Қарабұтақ — Қостанай» облыстық маңызы бар автожолында болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысқан. Жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Жол көлік оқиғасы салдарынан басқа зардап шеккендер жоқ.
«Оқиғадан кейін осы жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Қазіргі уақытта тиісті қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп, жүру бөлігін босату және қозғалысты қалпына келтіру шараларын қабылдауда», – деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, бағдаршам сигналдары мен шлагбаумның күйіне ерекше назар аударуға шақырды.
Айта кетейік, Ақтөбеде ер адам әдейі көлікке соғылып, жүргізушілерден ақша талап етіп жүргенін жазған едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026