FlyArystan ішкі рейстерге 15% жеңілдік жариялайды
FlyArystan жекелеген ішкі рейстерге тариф құнынан 15% жеңілдік ұсынатын арнайы науқанды іске қосады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Әуекомпаниясының мәліметінше, «Berekeli Beisenbi» – FlyArystan сайты мен қосымшасы арқылы жеңілдікке қол жеткізуге болады.
2026 жылғы 17-18 қыркүйекте тек FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасында, ұшу мерзімі 2026 жылғы 3 қарашадан 2027 жылғы 28 ақпанға дейінгі рейстерге арнайы ұсыныс жасалады. Жеңілдік мынадай бағыттарға берілмек:
Алматы – Өскемен – Алматы; Астана – Өскемен – Астана; Алматы – Түркістан – Алматы; Атырау – Шымкент – Атырау; Ақтау – Шымкент – Ақтау.
«Жеңілдік 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 7 қаңтарға дейінгі кезеңге қолданылмайды. Арнайы тариф бойынша билеттер саны шектеулі», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, FlyArystan стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейінгі және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді.
Айта кететін жайт, әуекомпаниясы Кутаисиге орындалатын рейстерге науқан жариялаған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қыркүйек 2026