Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болды

kz.kursiv.media

БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болды

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі қаза тапты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, төтенше жағдай Жәнібек ауданында, Татран қыстағының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, өртті сөндіру барысында өрт сөндірушіні өрт сөндіру көлігі басып кеткен. Ер адам ауыр жарақат алып, дәрігерлердің жасаған әрекетіне қарамастан қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шарпыған аумақтағы қою түтін салдарынан ештеңе көрінбеген. Болжам бойынша, өрт сөндіру көлігі артқа қарай қозғалған кезде, жүргізуші түтін арасынан өз әріптесін байқамай қалған.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкердің қаза болғанын растады.

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында орналасқан Татран қыстағының маңында құрғақ шөп тұтанған. Өртті жою жұмыстары барысында қызметтік міндетін атқарып жүрген Департамент қызметкері жарақат алды. Зардап шеккен азамат Жәнібек ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады ведомство.

Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдем беріліп жатқанын атап өтті.

Айта кететін жайт, Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмысы кезінде өрт сөндіруші қайтыс болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар