Қызылорда облысында бойжеткен туған әкесін сотқа берген
Байқоңыр қаласының тұрғыны әкесінен 21 жасқа толғанға дейін алимент төлеуді талап етіп, сотқа жүгінген, деп хабарлайды Kursiv.Media Қызылорда облыстық сотына сілтеме жасап.
Байқоңыр қалалық сотында бойжеткеннің әкесінен алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
«Талап қоюшы қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін әкесінен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2026 жылы – 108 125 теңге) алимент өндіруді сұраған», – деп хабарлады соттан.
Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелді.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қыркүйек 2026