Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауыр дертке шалдыққан жасөспірім өзінің ЖИ-сыңарын жасап шығарды

kz.kursiv.media

Ауыр дертке шалдыққан жасөспірім өзінің ЖИ-сыңарын жасап шығарды

Ауыр генетикалық ауруы бар гонконгтік 17 жастағы Чэнь Цзы-кин өзінің ЖИ-сыңарын жасап шығарды, деп хабарлайды Kursiv.media.

South China Morning Post ақпаратына қарағанда, ол Дюшенн миодистрофиясына шалдыққан. Бұл – адамды біртіндеп бұлшықет күшінен айыратын дерт. Мұндай диагноз қойылған адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 25 жыл. Соңғы бір жылда жасөспірімнің денсаулығы нашарлай түскен.

Бір жарым жыл бұрын Чэнь Гонконгтағы Digital Domain компаниясымен бірге өзінің цифрлық сыңарын – AI Tsz-kin жобасын жасай бастады. Аватарды жасау үшін оның бет-әлпетінің 400 фотосуреті мен дауысының жазбалары пайдаланылып, жоба алты апта ішінде дайын болған.

«Өмір аяқталуы мүмкін. Бірақ жасанды интеллектінің арқасында менің жолдауым өмір сүре береді. Бір күні мен бұл дүниеде болмай қалсам да, адамдар оның артындағы рухты есте сақтаса екен деп үміттенемін», — деді Чэнь жоба таныстырылымында.

Оған диагноз бір жарым жасында қойылған. Қазір ол мүгедектер арбасымен қозғалады және ұйықтаған кезде жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Ауруына қарамастан, жасөспірім белсенді өмір салтын ұстанады. Парапланмен ұшады, дайвингпен айналысады, тауға шығады және шөл дала арқылы 100 шақырымдық маршрутты жүріп өткен.

Айта кететін жайт, БҰҰ тым кеш болмай тұрғанда ЖИ-ге бақылауды күшейтуге шақырды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар