Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бюджет қаражаты енді форумдар мен семинарлар өткізуге жұмсалмайды

kz.kursiv.media

Бюджет қаражаты енді форумдар мен семинарлар өткізуге жұмсалмайды

Қаржы министрлігі 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасынан мемлекеттің қандай тиімсіз шығындарын алып тастау керек екенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Құрылтайда өткен брифингте вице-министр Абзал Бейсенбекұлы осы уақытқа дейін тиімсіз жұмсалған шығындардың мысалдарын келтірді. Айтуынша, соңғы жылдары форумдар мен семинарларға жұмсалатын шығындар азайған.

Бұдан бөлек, бюджетте мемлекеттік орган қызметкерлеріне арналған әрбір кеңсе тауарына шығын қарастыру тоқтатылды.

«Кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етуде қаншама қағазбастылық пен бюрократия бар екенін елестетіңізші. Біз нормативтер белгіледік. Бір адамға нақты қанша қажет екенін есептедік. Соған сәйкес шекті мөлшерді қарастырдық. Сорақысы, шартты түрде 20 мың теңгеге де қалам сатып алынған кезеңдерді естіген шығарсыз? Ал 100 теңгелік қаламдар да болған. Енді осының бәрін орташа деңгейге келтіру үшін нормативтер қойдық. Яғни, әр адамға 8 АЕК-тен келеді», деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, мемлекет енді әрбір мемлекеттік органдағы бюджеттік шығыстарға алдын ала шолу жасайды. Айтуынша, шолу жасау тиімсіз шығындарды анықтауға көмектеседі.

Айта кетейік, бүгін Құрылтай отырысында Үкімет үш жылға арналған бюджет жобасын таныстырып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар