Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда нәрестелер не себепті шетінейді – статистика

kz.kursiv.media

Қазақстанда нәрестелер не себепті шетінейді – статистика

Қазақстанда соңғы жылдары бала өлімінің негізгі көрсеткіштері төмендеп келеді. Ұлттық статистика бюросының 2021–2025 жылдардағы деректеріне сәйкес, бес жасқа дейінгі балалар өлімі 38,5%-ға азайған.

Energyprom.kz мәліметіне сәйкес, 2021 жылы бес жасқа дейінгі 4,4 мың бала қайтыс болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2,7 мыңға дейін төмендеген. Оның 1,5 мыңы – ұл балалар.

Тиісінше, бала өлімінің коэффициенті де 2021 жылғы 9,9-дан 2025 жылы 8,1-ге дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш әр мың тірі туған балаға шаққандағы өлім санын көрсетеді.

2025 жылы бала өлімінің ең төмен көрсеткіштері Ақмола облысында – 5,1, Астанада – 6,4 және Алматыда – 6,6 болған.

Ал ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында – 10,5, Ұлытау облысында – 10,4 тіркелген.

Түркістан облысында бес жасқа дейін қайтыс болған балалар саны ең жоғары – 455 бала.

Our World in Data мәліметінше, 2024 жылы әлемде тірі туған балалардың шамамен 3,7%-ы бес жасқа дейін қайтыс болған, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,9% болған.

Қазақстан бала өлімінің төмен көрсеткіші бойынша әлемде 70-орынға жайғасқан. Орталық Азия елдері арасында көрсеткіштер жоғарырақ: Өзбекстанда – 1,3%, Қырғызстанда – 1,7%, Тәжікстанда – 2,8%, Түрікменстанда – 3,9%.

Бір жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіші де төмендеген. 2021 жылы 3,7 мың сәби қайтыс болса, 2025 жылы бұл сан 2 мыңға дейін азайған.

Нәресте өлімінің коэффициенті 2021 жылғы 8,3-тен 2025 жылы 5,9-ға дейін төмендеген.

Нәресте өлімінің негізгі себептерінің бірі – перинаталдық кезеңде пайда болатын патологиялық жағдайлар. 2025 жылы осы себептен 921 сәби қайтыс болған. Екінші орында туа біткен аномалиялар тұр.

Нәресте өлімінің медициналық емес себептеріне жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттар жатады.

2025 жылы жол-көлік оқиғалары, терезеден құлау, тұрмыстық жарақаттар, күйік және басқа да жазатайым жағдайлар салдарынан 87 сәби қайтыс болған. 2021 жылы мұндай жағдайлардан 115 бала көз жұмған.

Айта кетейік, елімізде кесар тілігі арқылы бала туу көбейді. Мәселен, 2000-жылдарға дейін орта есеппен жалпы сәби дүниеге келген жағдайда тек 6-7%-ына ғана ота жасалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар