Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Непалдағы жойқын тасқындан қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асты

kz.kursiv.media

Непалдағы жойқын тасқындан қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асты

Непалда рақымсыз табиғи апат – жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 1 403 адамға жетті. Алты мыңнан астам тұрғын әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ұлттық қатерлерді азайту және апат садарымен күрес басқармасының мәліметінше, 6 150 адам із-түзсіз жоғалған деп саналады. Олардың арасында 600-ден астам шетел азаматы бар. Ресей елшілігінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалғандар тізімінде 11 ресейлік азамат бар.

Құтқару қызметтері қирандыларды аршып, су басқан аумақтарда жұмыстарын жалғастыруда. Соңғы апталарда 13,7 мыңнан астам адамды құтқару мүмкін болды.

Еске сала кетсек, 26 тамызда болған рақымсыз су тасқынынан қаза тапқандарды еске алу үшін Непалда 7 қыркүйек ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Мемлекеттік мекемелерде тулар түсіріліп, қаза тапқандардың отбасылары дәстүрлі қаралы рәсімдерді өткізді.

Білім беру саласына келген шығын: Непал билігі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен білім беру инфраструктурасын қалпына келтіру құнын 2,34 миллиард непал рупиі (шамамен 15,3 миллион доллар) деп бағалады. Бұл стихия 9 мыңнан астам оқушының білім алу үдерісін бұзды.

Айта кетейік, бұған дейін Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың саны үш адамға жеткенін жазғанбыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар