Қазақстанда 2 млрд долларға «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасы іске асады
Шығыс Қазақстанда жылына 55 мың тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 310 мың тоннаға дейін «жасыл» аммиак өндіру жобасы іске асқалы тұр. Жобаның алдын ала құны шамамен 2 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Энергетика министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және YPP Corporation Шығыс Қазақстан облысында «Жасыл энергетикалық кешен» жобасы шеңберінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумда көзделген ынтымақтастық бағыттарының бірі аясында жалпы қуаты шамамен 1 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздері объектілерін қамтитын энергетикалық кешенді іске асыру мәселесі пысықталып жатыр.
Оның шеңберінде жылына 55 мың тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 310 мың тоннаға дейін «жасыл» аммиак өндіру көзделеді. Жобаны іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда, оның алдын ала құны шамамен 2 млрд долларды құрайды.
«Жасыл» сутегі металлургияда, химия өнеркәсібінде, энергетикада және көлікте төмен көміртекті отын және шикізат ретінде пайдаланылады.
«Жасыл» аммиак негізінен тыңайтқыштар өндіруде, химия өнеркәсібінде қолданылады, сондай-ақ халықаралық жеткізілімдер үшін төмен көміртекті энергия тасымалдаушы ретінде қарастырылады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қыркүйек 2026