Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Жазбаша қабылданбайды»: Еспаева Үкімет өкілдерінің дайындықсыз келгеніне шүйлікті

kz.kursiv.media

«Жазбаша қабылданбайды»: Еспаева Үкімет өкілдерінің дайындықсыз келгеніне шүйлікті

Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева 2027–2029 жылдарға арналған үш жылға арналған бюджет жобасын талқылау кезінде Үкімет өкілдері сұрақтарға нақты жауап бере алмай, қағазға жүгінгеніне наразылық білдірді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Жиын барысында депутат Саят Наурызбай Қаржы және Көлік министрліктеріне маңызды сұрақ қойды.

Оның айтуынша, алдағы үш жылдық бюджетте Ұлттық қордан бөлінетін шамамен 2 триллион теңге трансферт есебінен 272 маңызды ұлттық инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

Бұл қаржының жартысына жуығы көлік инфрақұрылымы мен авиация саласын жаңғыртуға бағытталған. Осы орайда депутат 5 триллион теңгелік инвестициялық жобалардың толық тізімін қайдан көруге болатынын сұрады.

Алайда көлік вице-министр Дамир Қожахметов нақты тізімді сол жерде атаудың орнына, құжаттар бар екенін және оны комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарында көрсете алатынын жеткізді. Ал ақпаратты тек жазбаша түрде ұсынуға дайын екенін айтты.

Бұл жауапқа қатысты Дани Еспаева сын айтып, вице-министрлерге шүйлікті.

«Құрметті мемлекеттік органдардың өкілдері, бұл сіздер жатқа білуге тиіс үш жылдық бюджет жобасы. Оны жақында ғана бекіттік қой. Бүгін маңызды бюджетті қарап жатқан кезде «жазбаша түрде ұсынамыз» деу теріс. Басқа вице-министрлерден де жазбаша жауаптарға сілтеме жасамай, барынша толық жауап беруді сұраймын. Жазбаша жауаптар қабылданбайды», – деді Еспаева.

Сондай-ақ депутат шығындар тікелей министрліктердің жұмысына қатысты екенін, сондықтан Үкімет мүшелері отырысқа мұқият дайындықпен келуге міндетті екенін қадап айтты.

Құрылтай отырысында Үкімет үш жылға арналған бюджет жобасын таныстырып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар