Күзет қызметі мамандарына МӘМС жүйесіндегі құқықтары түсіндірілді
Шымкентте ҚР Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі мамандарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтары мен сақтандыру тәртібі түсіндірілді.
Кездесуді ӘМСҚ Шымкент қалалық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Ахмет Беден өткізді. Жиынға басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Төлепбергенов қатысты.
Кездесуде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты МӘМС жүйесіндегі ерекшеліктер түсіндірілді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес жұмыс берушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін МӘМС бойынша аударымдар төлеуден босатылады. Бұл санаттағы қызметкерлер МӘМС жүйесінде мемлекет тарапынан сақтандырылған болып саналады.
Сонымен қатар қызметкерлердің отбасы мүшелерінің бірқатар санаты да мемлекет есебінен сақтандырылатыны айтылды. Олардың қатарында балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар, зейнетақы төлемдерін алушылар, мүгедектігі бар адамдар және күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан студенттер бар.
Жиын барысында қатысушылар МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін тексеру, медициналық көмекті алу және отбасы мүшелерінің сақтандырылуына қатысты сұрақтарына жауап алды.
Айта кетейік, сақтандыру мәртебесін Қордың msqory.kz сайты, SaqtandyryBot, Qoldau 24/7, Damumed мобильді қосымшасы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы мен барлық екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы тексеруге болады.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қыркүйек 2026