Жылу есептегіші жоқ тұрғындарға 1,2 млрд теңге қайтарылады
Үйінде жылу энергиясын есепке алу аспабы жоқ тұрғындарға өткен қыста төлеген ақшасының бір бөлігі кері қайтарылатын болды деп хабарлайды Kursiv.Media.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025–2026 жылғы жылыту маусымын қайта есептеп, халықтың 1,2 миллиард теңгеден астам ақшаны артық төлеп қойғанын анықтады.
Дегенмен қайтарылатын ақша тұрғындардың қолына берілмейді. Ол алдағы жылыту маусымында түбіртекте жеңілдік ретінде есептеліп, төлейтін ақшаңызды азайтып береді.
Тұтынушыларға қайтарылатын қаражат мөлшері:
Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарында бөлек қайта есептеу жүргізілген жоқ, өйткені қызметтердің құны бұған дейін де ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
Астанада қайта есептеу нақты температураны есепке ала отырып жасалды, дегенмен төлемақылар маусым бойы оның өзгерістеріне байланысты ай сайын түзетіліп отырды.
Өткен 2024–2025 жылдардағы жылу беру кезеңінде жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат қайтарылған.
Еске салайық, Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қыркүйек 2026