Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт оқшауланды

kz.kursiv.media

Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт оқшауланды

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Долбин орманшылығында бірнеше күн бойы жанып жатқан өртті оқшаулауға қол жеткізілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ақпаратына сүйенсек,м14 қыркүйекте тұтанған өрттің таралуын біршама уақыт бұрын тоқтату мүмкін болған еді. Алайда желдің бағыты өзгеруіне және күшеюіне байланысты жалын өте жоғары жылдамдықпен таралып кеткен болатын.

«Өртті оқшаулау үшін «Қазавиаорманқорғаудың» су ағзу құрылғысымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы, сондай-ақ әуе барлауын жүргізу және қажетті күштерді жеткізу үшін «Ертіс орманы» тікұшақтары тартылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мамандар қайта тұтанудың алдын алу мақсатында барлық қажетті жұмыстарды жалғастыруда.

Айта кетейік, ұлттық парктегі өрт 15 қыркүйекте басталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар