Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кешігуі де мүмкін: Үкімет Ұлттық қордың қаржысын 100 млрд долларға қашан жеткізбек

kz.kursiv.media

Кешігуі де мүмкін: Үкімет Ұлттық қордың қаржысын 100 млрд долларға қашан жеткізбек

Үкімет Ұлттық қордағы қаражатты 100 млрд долларға қашан жеткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Осыған дейін редакция Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке «Ұлттық банк Ұлттық қордағы ақшаны 2030 жылға дейін дейін 100 млрд долларға жеткізу мақсатынан бас тартып отыр ма?» деген сауал қойды. Себебі Ұлттық қордан тағы 5 трлн теңге тартылмақ. Алдағы үш жылда қордан алынған қаражат 11,8 трлн теңгеге жетеді. Демек 2029 жылы Қордағы ақша 70, 6 млрд долларға жетеді.

Президент 2030 жылға дейін Ұлттық қор ақшасын 100 млрд долларға жеткізуді тапсырған еді.

Ұлттық банк төрағасы бұл міндетке Үкімет жауапты екенін айтқан еді. Бұл сұраққа Құрылтайда енді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Азамат Әмрин жауап беруге тырысты.

«Шынымен де, мұндай міндет 2030 жылға дейін қойылған. Осы мақсатқа жету үшін біз тиісті формулаларды әзірледік. Жалпы, нысаналы трансферттерге қаражат бөлінгеніне қарамастан, кірістер мен шығыстар арасындағы теңгерімді сақтауға тырыстық. Біз Ұлттық қордың қаражатын да ескереміз. Өйткені бүгінгі қаражатты толық жұмсап жібермей, оны болашақ ұрпақ үшін де сақтауымыз қажет. Жыл сайын түсім көлемі артып келеді. Бірақ осы қаражаттың есебінен болашақ ұрпаққа қажетті нысандарды да салуға мүмкіндік бар», – деді Әмрин.

Вице-министр атағандай, оның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты көп жоба жоспарланған. Сонымен қатар үйлер, мәдениет және спорт кешендері сияқты халыққа тікелей қажетті әлеуметтік нысандар салынады.

«Қазір Ұлттық қордың активтері шамамен 85 млрд долларға жетіп отыр. Егер осы көрсеткіштерді ескермесек, алдымызда басқа міндет тұрар еді. Мысалы, 87 млрд доллар көлеміндегі активті жинақтап, осы межеге жетуге болар еді. Алайда Ұлттық қорда айтарлықтай қаражат бар екенін ескеру қажет. Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қоры. Сонымен бірге бұл қаражаттың бір бөлігін қазіргі ұрпақ үшін де маңызды нысандарға бағыттауға болады. Қазір бізде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде денсаулық сақтау саласының нысандары, спорт кешендері және басқа да әлеуметтік объектілер бар. Бұлар – адам капиталына тікелей әсер ететін, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін маңызды жобалар», – деді Әмрин.

Ол атағандай, Үкімет 100 млрд долларлық межеге міндетті түрде жетеді.

«Бірақ бұл 2030 жылға дәл келмеуі мүмкін, межеге сәл кейінірек жетуіміз ықтимал. Дегенмен осы бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Тағы бір маңызды мәселе бар. Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсімдерден бөлек, оның активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кіріс те бар. Бұл кірістілік жыл сайын өсіп келеді. Ұлттық қор активтерінің құрылымы өзгертіліп, кірістілікті арттыруға бағытталған неғұрлым белсенді саясат жүргізілуде. Мәселен, шамамен 1,5 трлн теңге көлемінде түсім түссе, инвестициялық кірістілік те оған айтарлықтай жақындап, шамамен 1,4 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл Ұлттық қор активтерін тиімді басқарудың нәтижесі. Осы бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Жалпы мақсатымыз – Ұлттық қордың активтерін 100 млрд долларға жеткізу», – деді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар