Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Халық кеңесіне бөлінген қаражат нақты неге жұмсалады

kz.kursiv.media

Халық кеңесіне бөлінген қаражат нақты неге жұмсалады

Үш жылға арналған бюджет жобасында Халық кеңесіне 1,7 млрд теңге қаражат бөлінетінін жазғанбыз. Бұл қаржы тек қызметкерлердің жалақысына емес, кеңестің халықпен кездесулері, форумдар мен сессияларды ұйымдастыру, іссапарлар, қоғамдық кеңестер және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге жұмсалады екен, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте Халық кеңесі бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде белгіленгенін жеткізді. Осыған байланысты оның жұмысын қамтамасыз етуге жеке бюджет қарастырылған.

«Халық кеңесі бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде келді. Сәйкесінше, біз оған бюджеттен қаражат қарастырдық. 1,7 млрд теңгені тек кеңес қызметкерлерінің саны мен жалақысына қарай есептеу дұрыс емес», – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Себебі кеңестің қызметі бір ғана ғимараттағы жұмыспен шектелмейді.

«Бұл жерде тек жалақы туралы айтып отырған жоқпыз. Халық кеңесі халықпен көптеген кездесу өткізеді, форумдар мен сессиялар ұйымдастырады. Іссапар шығыстары, қоғамдық кеңестер өткізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету сияқты шығындар бар», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, осы шығыстардың барлығы ескерілгенде, Халық кеңесінің жұмысын қамтамасыз етуге қажетті қаржы көлемі 1,7 млрд теңгеге жетеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар