Ең төменгі жалақы қашан өседі–Үкімет жауап берді
Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейін арттыру мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Журналистер брифингте алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңге деңгейінде қала ма деп сұрады. Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі талқыланған еді.
«Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылаймыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз», – деді Азамат Әмрин.
Өз кезегінде Құрылтай депутаты Татьяна Савельева 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының бірінші оқылымы 14 қазанда өтетінін айтты.
Оның сөзінше, бірінші оқылымға дейін республикалық бюджеттің негізгі параметрлері, оның ішінде кірістер мен шығыстар қаралады. Ал одан кейін салыстырмалы кестелерді талқылау жоспарланған.
«Құрылтай депутаттары ең төменгі жалақыға қатысты мәселені көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін қарайтын боламыз», – деді Татьяна Савельева.
Осылайша, ең төменгі жалақының нақты деңгейі мен оның қашан өсетіні бюджет жобасын талқылау барысында белгілі болуы мүмкін.
Қазақстанда келесі бюджетті қалыптастыратын кезде ең төменгі жалақыны өсіру туралы мәселесі қарастырылатынын ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қыркүйек 2026