Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бюджет жобасындағы 44,4 млрд теңге қай шығыстан қысқарды

kz.kursiv.media

Бюджет жобасындағы 44,4 млрд теңге қай шығыстан қысқарды

2027 жылғы бюджет жобасын әзірлеу барысында 44,4 млрд теңге көлеміндегі шығыс оңтайландырылды. Оның басым бөлігі мемлекеттік органдарды ұстауға байланысты шығыстарға тиесілі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Брифингте журналистер вице-министрден 44,4 млрд теңгенің нақты қай салалар мен жобалардан қысқартылғанын және бұл шешім халыққа тікелей әсер ететін бағдарламаларды қамти ма екенін сұрады.

«Мұның басым бөлігі мемлекеттік органдарды ұстауға байланысты шығыстар. Оның ішінде біліктілікті арттыруға қатысты бірқатар ірі сома ұсынылды. Біз олар бойынша жоспар жасап, қаражатты кезең-кезеңімен қарастырдық», – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Оның айтуынша, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге бағытталған бірқатар шығыс та қысқартылған.

«Сондай-ақ бюджеттік шолу жүргізілді. Цифрлық министрлігінде сараптама орталығы бар, олар да өз қорытындыларын береді. Сол жерде ақпараттық сүйемелдеуге қатысты бірқатар шығысты қысқарттық», – деді вице-министр.

Бұдан бөлек, көлік қызметіне, форумдар өткізуге және әлеуметтік зерттеулерге жұмсалатын қаражат та қайта қаралған.

«Сонымен қатар көлік қызметін көрсету нормативтері қабылданды. Форумдар бойынша, әлеуметтік зерттеулер бойынша да ірі жобаларға бөлінетін қаражатты қайта қарадық», – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Құрылтайда Үкімет бюджет жобасын таныстырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар