Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да әйелді өлтірді деген күдікпен оқушы қамауға алынды

kz.kursiv.media

ШҚО-да әйелді өлтірді деген күдікпен оқушы қамауға алынды

ШҚО-ның Зайсан ауданында кәмелетке толмаған бала әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталды. Сот оны қамауда ұстауға санкция берді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, полиция ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

«Қазіргі уақытта тергеу және процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген ақпаратта.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде қаза тапқан адам мұғалім болып жұмыс істегені және кісі өлтіру «Көк кит» («Синий кит») интернет-ойынымен байланысты болуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады.

ШҚО ПД бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Қаза тапқан кісі педагог болмаған. Ал тексеру барысында болған оқиғаның «Көк китпен» байланысы расталмады.

Айта кететін жайт, Ақтөбеде оқушы төбелес кезінде пышақ жарақатынан қаза тапты

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар