«Эфирге шығуды доғарамын»: Данияр Елеусінов кешенді ем алып жатқанын айтты
Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қазіргі уақытта кешенді түрде ем қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
«Қазір ем қабылдап жатырмын. Емді тек егу арқылы емес, толық кешенді ем алып жатырмын. Сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын»,– деді ол.
Елеусінов бұған дейін эфир кезінде айтқан сөздеріне де тоқталды. Боксшы біреуді ренжітіп қойған болса, кешірім сұрайтынын айтып, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын жеткізді.
«Бұған дейін біреуді ренжітіп немесе қатты сөз айтып қойған болсам, аса мән бермеңіздер. Кімнің басынан өтпейді? Менің жаман әдетім эфирге шығып кету болды. Бірақ енді мұндай жағдай қайталанбайды», – деді ол өз stories-інде.
Ол бұл дерттен арылуға байыппен кіріскенін атап өтті.
«Мен бұл дерттен арылуға өте байыппен кірісіп отырмын. Жақында қайта қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады», – деп сөзін түйіндеді ол.
Спортшы жақында алкогольге тәуелді екенін мойындаған еді. Сондай-ақ ол Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қыркүйек 2026