Таиланд премьері шетелдіктерді отандарына барып өлуге шақырды
Таиландта жұмыс істейтін шетелдіктер қайтыс болған жағдайда туған жерінде жерленуі керек, деп хабарлайды Kursiv.media.
РИА Новости ақпаратына қарағанда, елдің премьер-министрі әрі ішкі істер министрі Анутхин Чанвиракун осындай мәлімдеме жасаған.
«Жақында шетелдіктер тарапынан тіпті жеке зират ашу туралы өтініш түскенін білдім. Бұл енді тым артық, барлық шектен шығады. Біз сіздерге осында келуге мүмкіндік бергеніміз үшін алғыс айтуға тиіссіздер. Мұнда келіп, адал еңбек етіп, нәпақа табу үшін келдіңіздер. Қайтыс болу тағдырға жазылса – өз отаныңызға барып қайтыс болыңыздар. Мұнда өлудің қажеті жоқ. Бізді қанауға да тырыспаңыздар», – деді Чанвиракун.
Премьер Таиланд шетелдіктер үшін ашық екенін, алайда ынтымақтастық екі тарапқа да тиімді болуы керектігін айтты. Оның сөзінше, туризм мен инвестиция ел экономикасына пайда әкелгенімен, бұл заңсыз әрекетке немесе жергілікті азаматтарды бизнесте «қалқан» ретінде пайдалануға құқық бермейді.
Айта кететін жайт, Таиландта туристерге ішімдік сатуға тыйым салынған болатын.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026