Шымкентте әйелін ұрып-соғып, атына несие рәсімдеген ер азамат ұсталды
Шымкентте әйелін ұрып-соғып, атына несие рәсімдеген ер азамат ұсталды. Оның әйелі күйеуінің балалардың көзінше ұрғанын айтып, видео жариялаған еді деп хабарлайды Kursiv Media.
Жарияланған видеода беті қанға боялған әйел жылап отыр. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, күйеуі әйеліне бірнеше рет күш қолданып, балағаттап, өлтіремін деп қорқытқан. Әйелдің атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген деген ақпарат бар.
Құқық қорғау органдары оқиға болғанын растады және күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйелге дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның 16 қыркүйекке қараған түні қала аумағында болғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ведомство.
Қылмыстық істің тергелу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында күйеуі балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді
- Соңғы
-
-
-
- Қыркүйек, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026