Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Италияда 2027 жылдан бастап көлік салығының бір бөлігі жойылады

kz.kursiv.media

Италияда 2027 жылдан бастап көлік салығының бір бөлігі жойылады

Италия үкіметі 2027 жылдан бастап шағын және орташа автомобильдер мен барлық мотоциклдерге салынатын көлік салығын жою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Euronews ақпаратына сүйенсек, шешімді ел премьер-министрі Джорджа Мелони жария еткен.

«Бүгін үкімет италиялықтар ең жек көретін салықтардың бірін жояды», – деді Мелони.

Жаңа шара Италияда тіркелген көліктердің 70 пайыздан астамын, яғни шамамен 14,5 млн көлік құралын қамтиды. Әр азамат жеңілдікті тек бір көлігіне пайдалана алады.

Үкіметтің есебінше, салықтың жойылуы аймақтар бюджетіне түсетін кірісті 2,3 млрд еуроға азайтады. Бұл шығын 2027 жылы өтелмек. Италияда көлік салығы алғаш рет 1953 жылы енгізілген.

Айта кетейік, осыған дейін ЕуроОдақ Қытайдың гибридті көліктеріне шектеу енгізуге мүдделі екенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар