Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада атыс туралы қауесет тарады: полиция түсініктеме берді

kz.kursiv.media

Астанада атыс туралы қауесет тарады: полиция түсініктеме берді

Астанада тұрғындар WhatsApp мессенджері арқылы полиция көліктері мен адамдардың көп жиналғаны түсірілген видеоны таратып жатыр. Оқиға Жұбанов көшесіндегі «Қазақстан» дүкені маңында болды деген ақпарат тараған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Куәгерлер атыс дауысы естіліп, көмекке шақырған айқай болғанын айтқан. Кей хабарламаларда қаза тапқандар бар деген ақпарат тарады.

Астана полиция департаменті атыс туралы шақырту түскенін растады. Алайда жараланғандар мен қаза тапқандар туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Полицияға тұрғын үй аулаларының бірінде атыс болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары жедел жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, аулада мас күйінде болған жастар тобы агрессивті әрекет жасаған», – деп хабарлады полиция.

Полицияның мәліметінше, тұрғындардың бірі құқық бұзушылықтың алдын алу үшін газды тапаншадан ауаға ескерту ретінде оқ атқан. Жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Есіл өзенінде балық ауламақ болған ерлі-зайыпты қарша бораған оқтың астында қалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар