Toyota 400 мың роботты жұмысқа алады
Жапонияның Toyota Motor Corporation компаниясы әлем бойынша өз өндіріс орындарына 400 мың гуманоид робот енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы SBS News хабарлады деп жазады Kursiv Media.
Басылым дерегінше, роботтардың 150 мыңы Toyota-ның негізгі өндіріс орындарында, ал тағы 250 мыңы компания тобына кіретін кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Компания енгізетін роботтардың бірі – Ellie. Оның салмағы шамамен 50 келі. Робот аяқпен емес дөңгелекпен қозғалады және зауыттағы әртүрлі жұмыстарды орындай алады. Мәселен, қораптан бөлшектерді алып, басқа жерге тасымалдайды немесе матаны жинайды. Ellie қызметкерлердің қимылдарын қайталау арқылы жаңа әрекеттерді де үйренеді.
Toyota роботтарды енгізу қарқынын 2028 жылдан кейін арттыруды жоспарлап отыр. Компания өндіріс орындарын жаңартуға жыл сайын шамамен 1 трлн иен жұмсамақ. Бірақ атап өту керек, компания басшылығы роботты қызметкерлер орнына алмағанын мәлімдеді.
«Роботтар адамдарды алмастыру үшін жасалмаған. Біз роботтар адамдармен бірге өмір сүретін және жұмыс істейтін әлем құруға ұмтыламыз», – деді Toyota атқарушы вице-президенті Хироки Накадзима.
Бұған дейін Қытай зауыттарында 2 миллионнан астам робот жұмыс істейтіні жайлы жазғанбыз. ВВС жазуынша, елде адамдарды роботтармен қатар жұмыс істеуге дайындайтын арнайы академиялар ашылған.
Оқи отырыңыз: OpenAI алғаш рет адамға ұқсас робот таныстырмақ
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026