Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кремль Ресейде 300 мың адамды мобилизациялау жоспарын жоққа шығарды

kz.kursiv.media

Кремль Ресейде 300 мың адамды мобилизациялау жоспарын жоққа шығарды

Кремль Ресейде жыл соңына дейін 300 мың адамды әскери қызметке жұмылдыру жоспары бар деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Ресейде Мемлекеттік дума сайлауынан кейін жаңа мобилизация толқыны болуы мүмкін деген алаңдаушылық күшейгенін жазған. Агенттікке сұқбат берген еуропалық қауіпсіздік саласының өкілі Ресей жыл соңына дейін тағы 300 мың адамды әскерге шақыруға дайындалып жатқанын айтқан. Сонымен қатар Bloomberg бұл шешімнің түпкілікті қабылданбағанын атап өткен.

18 қыркүйекте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Жоқ. Мұндай жоспар жоқ», – деді Кремль өкілі.

Bloomberg мәліметінше, жаңа мобилизация 2022 жылғы науқаннан өзгеше түрде ресми жарияланбауы мүмкін деген болжам бар. Агенттік сондай-ақ кейбір ресейлік шенеуніктер мен әскери комиссариат қызметкерлері шетелде есепшот ашуға және активтерін елден шығаруға тырысып жатқанын жазған. Алайда бұл мәліметтер Ресей билігі тарапынан расталған жоқ.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин де жаңа мобилизацияға дайындық туралы ақпаратты жоққа шығарған. Ол қазіргі уақытта мобилизацияны қажет ететін жағдай жоқ екенін мәлімдеген.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Виткофф пен Джаред Кушнер Киевке баруды жоспарлап отырғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар