Қар күреп жүріп құлаған әйел жұмыс берушісінен 1,6 миллион теңге өндіріп алды
Жамбыл облысында қыста қар күреп жүріп құлаған әйел жұмыс берушісінен 1,6 миллион теңге өндіріп алады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Жамбыл соттары мәліметінше, әйел әкімдікке қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорнында эколог болып жұмыс істеп жүрген. 2023 жылғы желтоқсанда жұмыс кезінде қар тазалауға шыққан. Көше сыпырып жүрген әйелдің аяғы тайып кетіп, құлап, қатты жарақат алған.
Сот оның алған жарақатын ауыр өндірістік жарақат ретінде таныды. Жұмыс берушінің кінәсі толық анықталды.
Медициналық қорытындыға сәйкес, әйелдің еңбекке қабілеттілігінен жартылай айырылған. Оған қосымша медициналық көмек пен әлеуметтік оңалту, оның ішінде санаторий-курорттық емделу ұсынылған.
Осыған байланысты талап қоюшы сотқа жүгініп, денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді және медициналық ұсынымдарға сәйкес қажетті ем шығындарын көтерді талап еткен.
Қордай аудандық соты денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша тараптарды татуластырды. Келісім шарттарына сәйкес, жұмыс беруші сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде әйелге 1,6 млн теңге төлеуге міндеттенді.
Айта кететін жайт, Жамбыл облысында баласы буллинг жасағаны үшін анасы жауапқа тартылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026