Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тараз халықаралық әуежайы авиаотынды жоғары бағамен сатып келген

kz.kursiv.media

Тараз халықаралық әуежайы авиаотынды жоғары бағамен сатып келген

Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайына авиаотынды жоғары бағамен сатқаны үшін 3,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге 25 млн теңгеден астам монополиялық кіріс тәркіленді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Әулие-Ата» халықаралық әуежайының авиаотынды өткізу кезінде баға белгілеу мәселесі бойынша қызметін тексерді.

Тексеру кезінде әуежайдың ұшақ отынын тым қымбат бағамен сатып, заңға қайшы әрекет еткені анықталды.

«Компания авиаотынды өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспеді. Алайда сот алқасының қаулысымен тергеп-тексеру нәтижелері заңды және негізді деп танылды.

Кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3,2 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған 25,2 млн теңге мөлшеріндегі монополиялық кіріс тәркіленді.

Бұған дейін Өскемен әуежайына авиаотын бағасын көтергені үшін 8,9 млн теңге айыппұл салынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар