Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда Wildberries қоймасының құрылысына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

kz.kursiv.media

Алматыда Wildberries қоймасының құрылысына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Алматыда Wildberries компаниясының ірі логистикалық орталық салу жөніндегі инвестициялық жобасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің араласуынан кейін компанияны негізсіз қылмыстық процеске тартуға жол берілмеген, деп хабарлайды Kursiv Media.

Комитеттің мәліметінше, инвестор салынып жатқан нысан аумағында тінту жүргізіліп, құрылыс техникасына мөр басылғаны туралы шағымданған. Бұл жағдай жобаның әрі қарай жүзеге асырылуына қауіп төндірген.

Осыдан кейін комитеттің тапсырмасымен Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық істің тіркелуі мен қабылданған процестік шешімдердің заңдылығын тексерген. Тексеру барысында құрылыс жұмыстарына байланысты мердігер мен қосалқы мердігер арасында туындаған даудың азаматтық-құқықтық сипатта болғаны анықталған. Осыған байланысты қылмыстық қудалауға негіз болмаған.

«Комитет пен Алматы прокуратурасының араласуынан кейін инвестордың құқығы қорғалды. Жобаға кедергі келтіретін жағдайларға жол берілмеді. 2026 жылғы 2 қыркүйекте қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылды. Сонымен қатар заң бұзған лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралды», – деді комитет прокуроры Рауан Әлмішев.

Айтуынша, қылмыстық-процестік шараларды бизнеске қысым көрсету немесе инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіру құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Тағы да оқыңыз: Дрондар атқылаған Wildberries шығыны 100 млрд рубльге жетуі мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар