Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зерттеу: әрбір 10 ер адамның 9-ы жұмысындағы әріптес қызға ғашық болған

kz.kursiv.media

Зерттеу: әрбір 10 ер адамның 9-ы жұмысындағы әріптес қызға ғашық болған

Ресейде жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, әрбір 10 ер адамның 9-ы бірге жұмыс істейтін қыз-келіншектерге ғашық болған, деп хабарлайды Kursiv.media.

Tass ақпаратына қарағанда, сауалнамаға қатысқан ерлердің біразы сезімінің соңы қарым-қатынасқа ұласқанын айтқан. Бұл «Мамба» танысу сервисінің зерттеуінде көрсетілген.

«Он ер адамның тоғызына жуығы кем дегенде бір рет әріптесіне ғашық болған, ал 38%-ында бұл қарым-қатынасқа ұласқан», – делінген 2,4 мың ресейлікке (1,2 мың ер адам және 1,2 мың әйел) жүргізілген сауалнама нәтижесінде.

Бұл – ерлердің басым бөлігі кем дегенде бір рет әріптесіне ғашық болған деген сөз.

Зерттеу мәліметінше, әрбір бесінші әйел өзінен жоғары лауазымдағы ер адаммен романтикалық қарым-қатынасқа баруы мүмкін екенін айтқан (20%). Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 18%-ы өзімен деңгейлес әріптесімен қарым-қатынас құруға дайын. Ал 12%-ы тек басқа командадағы қызметкерлерді қарастырады. Алайда қол астындағы ер азаматпен көңіл жарастыруды респонденттердің 1%-дан азы ғана құптаған.

Ер адамдар әйелдерге қарағанда жұмысты танысуға қолайлы орын деп біледі екен. Бұл пікірдегі ерлер әйелдермен салыстырғанда төрт есе көп болып шықты.

Айта кететін жайт, 5 сәуір – Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай hh.kz платформасының сарапшылары 1,7 мыңнан астам адам арасында сауалнама жүргізіп, әріптестердің қаншалықты жиі үйленетінін анықтады. Қорытыншы бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 11%-ы әріптестерімен некеге тұрса, тағы 16%-ы кездесіп жүр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар