Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде қазақстандық қалып қойды

kz.kursiv.media

Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде қазақстандық қалып қойды

Қазақстан азаматы Үндістанның Парадип портында ұсталған MT UNITY мұнай танкерінің экипаж құрамында болған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Танкерде 23 теңізші болған, олардың басым бөлігі Ресей азаматтары екені хабарланды. Кеме иесінің жергілікті жанармай жеткізушіге қарызына байланысты танкер 11 мамырда Үндістан жағалауында ұсталып, содан бері Парадип портында тұр.

«Қазақстандық дипломттар азаматымызды елге қайтаруды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деп мәлімдеді СІМ.

Қазақстан тарапы Үндістан Сыртқы істер министрлігіне жағдайды реттеуге ықпал етуді сұрап, дипломатиялық нота жолдаған.

СІМ мәліметінше, қазақстандық азамат пен оның отбасы мүшелері әзірге Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап жүгінбеген. Жағдай министрліктің бақылауында.

Айта кетейік, осыған дейін Иран әскері Ормұз бұғазында АҚШ-тың суасты дронын қолға түсірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар