Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

96 жастағы Уоррен Баффет отставкаға кетті

kz.kursiv.media

96 жастағы Уоррен Баффет отставкаға кетті

Аты аңызға айналған инвестор, 96 жастағы Уоррен Баффет Berkshire Hathaway компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл қызметті енді оның ұлы, 71 жастағы Говард Баффет атқарады деп хабарлайды Kursiv Media.

Баффет енді құрметті төраға мәртебесіне ие болады. Дегенмен компанияның директорлар кеңесінде қала береді.

«Уақыт әркімді өз дегеніне көндіреді», – деді Уоррен Баффет отставкасы жайлы

2025 жылы Баффет Berkshire Hathaway компаниясының бас директоры қызметінен кеткен. Оның орнына компанияны басқаруға Грег Абель келді.

Баффет Berkshire Hathaway-ді 1965 жылы басқаруына алған. Ол кезде компания қаржылық қиындыққа тап болған тоқыма кәсіпорны еді. Кейін Баффет оның негізінде инвестиция және сақтандыру саласында жұмыс істейтін ірі холдинг құрды.

2024 жылы Berkshire Hathaway-дің нарықтық құны 1 триллион доллардан асты. Осылайша компания технологиялық секторға жатпайтын, капитализациясы триллион доллардан асқан алғашқы америкалық компания болды.

Оқи отырыңыз: «Еден жуушы директормен тең»: Уоррен Баффет инвесторларына соңғы хатын жолдады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар