Алматыда алты қабаттан биік үй салуға тыйым салынуы мүмкін
Алматының кей аударында тұрғын үйлердің биіктігіне шектеу енгізілуі мүмкін. Мәселен, қаланың кей аударында үйдің биіктігін алты қабаттан асырмау мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Сәулет және қала құрылысы басқармасының орынбасары Данияр Әлімсейітов айтты.
Алматыда Абай мен Әл-Фараби даңғылдарының аралығында 9 қабаттан жоғары үйлер салуға тыйым салынғаны айтылды. Журналистер мұндай ғимараттарға шектеу бар-жоғын және қаланың өзге аудандарында да үйлерді аласалау салу жоспары бар-жоғын сұрады.
«Бұл үшін құрылыс кеңесі өтіп, тиісінше техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар құрылысты растайтын техникалық құжаттама керек. Мұнымен қатар аталған нысанның бірегейлігін негіздеу қажеттілігі бар. Бірақ көбіне тоғыз қабаттан жоғары салуға рұқсат берілмейді», – деді Данияр Әлімсейітов.
Сонымен бірге ол жаңа үйлердің қабаттылығы бойынша жаңа шектеулер енгізу жоспарлануда екенін айтты.
«Жалпы, шектеу қою жоспарда бар, бірақ әзірге әзірлену үстінде. Шешімнің қашан қабылданатынын нақты айта алмаймын, бірақ бұл мәселе үйдің қабатын көбейту емес, азайту жағынан қарастырылып жатыр. Маңайлап айтқанда, алты қабат төңірегінде салынады», – деп түсіндірді спикер.
Бұған дейін, Алматыда «Медеу» және «Шымбұлаққа» көлікпен кіруге шектеу енгізілетіні, Медеу мен Шымбұлақ арасында автобус қатынауы мүмкін екені хабарланған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026