WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж қайта оралғанын мәлімдеді
WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж қоғамдық кеңістікке қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.
«Мен қайта оралдым», — деп жазды Ассанж X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін оның парақшасындағы соңғы жазба 2024 жылғы 28 маусымда жарияланған.
Журналистке 18 қылмыстық айып тағылып, ел тарихындағы ең ірі құпия ақпараттар топтамасын жариялағаны үшін жалпы 175 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнді.
Джулиан Ассанж – австралиялық интернет-журналист және тележүргізуші, хакер, бағдарламашы, саяси тұтқын. 2006 жылы құпия және жасырын материалдармен алмасуға арналған WikiLeaks жобасын құрды. Оның сайтында тыңшылық жанжалдары, биліктің жоғары эшелондарындағы жемқорлық, әскери қылмыстар және АҚШ дипломатиясының құпиялары туралы аса құпия материалдар көп көлемде жарияланды.
2019 жылдың сәуірінен бастап ол Ұлыбританиядағы Белмарш түрмесінде қамауда болды. Бұған АҚШ үкіметінің оны экстрадициялау жөніндегі талпыныстары британ соттарында дау туғызды.
2019 жылдың мамырында және 2020 жылдың маусымында АҚШ үкіметі Ассанжға қатысты жаңа айыптар жариялады. Оған 1917 жылғы «Тыңшылық туралы заңды» бұзды және хакерлермен сөз байласты деген айыптар тағылды.
Ол туралы АҚШ пен Бельгия бірігіп, «Бесінші билік» (ағылш. The Fifth Estate) атты фильм – өмірбаяндық триллер де түсірілді. Басты рөлдерде Бенедикт Камбербэтч пен Даниэль Брюль ойнады.
Айта кететін жайт, Беларусь 25 саяси тұтқынды босатты. Есесіне АҚШ «Лакокраска» және «Беллесбумпром» компанияларына салынған санкцияларды алмақ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026