Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Инватакси тек тіркелген жерде емес, ел бойынша жұмыс істеу керек - Аймағамбетов

kz.kursiv.media

Инватакси тек тіркелген жерде емес, ел бойынша жұмыс істеу керек - Аймағамбетов

Инватакси қызметін азаматтың тіркелген жеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігін беру керек. Неге адам басқа қалаға барғанда бұл қызметті пайдалана алмай қалады? Бұл бастаманы Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді, деп жазады Kursiv.Media.

Ол қазіргі уақытта арнайы көлікке деген құқық іс жүзінде адамның тұрақты тіркелген жеріне байланғанын атап өтті. Адам өз қаласында инватаксимен емханаға, оңалту орталығына барып жүр. Бірақ емделу үшін Астанаға немесе облыс орталығына барса, қиындыққа тап болады.

«Басқа қалада оны пайдалану мәселесін қайта шешуге тура келеді. Арнайы жабдықталған көлікке мұқтаж адамға кәдімгі такси жарай бермейді. Сонда емделуге жолдама бар, ал вокзалдан ауруханаға қалай жететіні белгісіз», – деп жазды депутат.

Ол күні кеше осы мәселені депутат Елдос Баялышбаевпен талқылағанын жазды.

«Инватакси қызметін тіркелген жеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігін беру керек деген ортақ пікірге келдік. Мұны экстерриториялық қағидат деп атайды. Яғни адамның осы қызметті алуға құқығы расталса, ол емделуге немесе оңалтуға барған қаласында да инватакси пайдалана алуы тиіс», – дейді депутат.

Айтуынша, ол үшін өңірлер арасында мәлімет алмасуды, сапарларды есепке алуды және өзара есеп айырысуды реттеу қажет. Адамға осы қызмет үшін қарастырылған қаражатты барған қаласында да пайдалануға мүмкіндік беретін тетік керек.

Мәселе ең алдымен қолданыстағы қызметті дұрыс ұйымдастыруда. Қортындылай келе депутат бұл үшін тіпті бюджет шығынын міндетті түрде арттыру да қажет емес екенін жазды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар