Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған павлодарлық әйел сотқа тартылды

kz.kursiv.media

Жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған павлодарлық әйел сотқа тартылды

Павлодарда әйел 103 қызметінің қызметкеріне тіл тигізіп, оның кәсіби қызметіне кедергі келтірген, деп хабарлайды Kursiv.media.

Рavlodarnews ақпаратына қарағанда, Баянауыл аудандық соты оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Оқиға 5 қыркүйекте Майқайың кентінде орын алған. Жедел жәрдем бригадасы ауырып қалған бойжеткенге көмекке келген. Дәрігерлер пациентке не болғанын анықтап, көмек көрсетуге тырысқан.

«Осы уақыттың ішінде әйел 103 қызметінің фельдшерін балағаттап, тіпті оның жұмысына кедергі жасамақ болған. Мұның бәрі бейнежетонға түсірілген. Оны Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері бір жылдан астам уақыт бойы әрбір шақыру кезінде пайдаланып жүрген. Бұл жазба сот барысында құқық бұзушылықтың негізгі дәлеліне айналды, – делінген хабарламада.

Сот өкілдері әйелді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігі («Медицина және фармацевтика қызметкерлерін өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде балағаттап, құрметтемеушілік таныту») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жаза ретінде бірінші сатыдағы сот оған 30 АЕК (129 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Сот шешімі 17 қыркүйекте шығарылды, әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ал Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуылдағандар ұсталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар