Астанадағы орталықта бомба бар деген жасөспірім Украинада ұсталды
Астанадағы орталықта бомба бар деген жасөспірім Украинада ұсталды деп хабарлайды Kursiv Media ІІМ-ге сілтеме жасап.
Жасөспірімді Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Украина киберполициясы 26 тамызда Сума қаласынан ұстаған.
Тінту кезінде күдіктіден ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді. Электронды құрылғылардан хабарлама жіберілген аккаунт, оның мәтіні және басқа да цифрлық дәлелдер табылған.
Қазір тәркіленген техникалар зерттеліп жатыр. Полиция күдіктінің ықтимал сыбайластарын анықтап, оның осыған ұқсас басқа да оқиғаларға қатысы бар-жоғын тексеруде. Қазақстанның ІІМ Украина құқық қорғау органдарымен бірлесіп, іс бойынша әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау мәселесін қарастырып жатыр.
Министрлік нысанды жару, терроризм жасау, адамды кепілге алу немесе қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлер туралы жалған хабарламалар үшін заң бойынша жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Еске салайық, біраз уақыт бұрын Астанадағы кей мектептерде бомба қойылды, террорлық шабуыл жасалады деген хабар тараған еді. Бірақ полиция ол ақпаратты жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз: ІІМ «мектепке бомба қойылды» деп хабар тарататын оқушыларға қатаң ескерту жасады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026