Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ат жоқ демесін»: Берік Сұлтан танымал «Таутұмарын» Көкпар федерациясына сыйлады

kz.kursiv.media

«Ат жоқ демесін»: Берік Сұлтан танымал «Таутұмарын» Көкпар федерациясына сыйлады

Көшпенділер ойынындағы көкпардан ұлттық құраманың жеңілісінен кейін ел ішінде «аттың әлсіздігі» туралы түрлі пікірлер айтылған болатын. Осыған орай кәсіпкер Берік Сұлтан бос сөзді қойып, ұлттық спортқа нақты қолдау көрсету мақсатында үлкен шешім қабылдады.

Берік Сұлтан өзінің 3 жастан асқан, әлеуметтік желіде көпшілікке танылып, рекордтарға кірген, мыңдаған жасты атқа құмар еткен танымал «Таутұмар» атты жылқысын Қазақстан Көкпар федерациясына сыйға беретінін мәлімдеді.

«Құр босқа сын айтып, дастарқан басында әңгіме айтып отырмай, «Ұлттық құрамаға не істей аламын?» деген сұрақ қойдым. Мендегі бар нәрсе – осы Таутұмар. Жүрегімнен жұлып тұрып, шын ниетіммен Көкпар федерациясына сыйлағым келеді. Ат жоқ демесін, ат бар, Құдайға шүкір».

Желі қолданушылары бұл шешімді нағыз патриотизмнің көрінісі деп бағалап, «Таутұмардың» болашақта көкпарда талай биіктерді бағындыратынына сенім білдіруде.

Еске сала кетейік, Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға 7-2 есебімен жеңілсе, көкбөріден 12-0 есебімен есе жіберген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар