Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәскеу–Астана рейсінде жанжал шығарған шетелдік 12 тәулікке қамалды

kz.kursiv.media

Мәскеу–Астана рейсінде жанжал шығарған шетелдік 12 тәулікке қамалды

Мәскеу–Астана бағытындағы ұшақта жанжал шығарған жолаушы елге келген соң үйіне емес, уақытша ұстау орнына жіберілді. Ол 12 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, оқиғаға қатысты ер адамның шетел азаматы екені анықталды. Астана әуежайына қонғаннан кейін оны көліктегі полиция қызметкерлері қабылдап алды.

«Көліктегі полиция қызметкерлері 36 жастағы шетел азаматының алкогольдік мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол экипаж мүшелерінің талаптарын орындамай, басқа жолаушыларға балағат сөздер айтқан», – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Сот ер адамға 12 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның өткен бір жыл ішінде алкоголь ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Полиция ұшақ бортындағы тәртіп ережелерін бұзу және экипаж талаптарына бағынбау заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Айта кетейік, осыған дейін 3 қыркүйекте Алматыдан Ақтауға ұшатын рейстегі жолаушы бомба туралы әзіл айтқаны үшін түсірілген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар