Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанға Трамп келе ме: АҚШ консулы пікір білдірді

kz.kursiv.media

Қазақстанға Трамп келе ме: АҚШ консулы пікір білдірді

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Питер Кауфман Америка президенті Дональд Трамптың Қазақстанға сапармен келеді деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Дипломаттың БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде журналистер Кауфманнан Ақ үй басшысы Қазақстанға бару туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабылдаған-қабылдамағанын сұрады.

«Үміттенемін. Біздің қарым-қатынасымыз бұрын-соңды мұндай берік болған емес. Тоқаев пен Трамп жиі сөйлеседі. Олардың арасында өте берік байланыс қалыптасты. Меніңше, бұл қазір екі ел қарым-қатынасында болып жатқан ерекше әрі бұрын-соңды болмаған динамиканы көрсетеді», – деді АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Қазақстанға келуге 2025 жылғы 23 желтоқсанда және 2026 жылғы 10 шілдеде өткен телефон сөйлесулері кезінде шақырған.

Өз кезегінде Трамп Тоқаевты Майамидегі G20 саммитіне шақырған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар