Алматыдағы ақылы автотұрақ екі есе қымбаттауы мүмкін
Алматыдағы ақылы автотұрақ екі есе қымбаттауы мүмкін. Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында осы мәселе қаралды деп хабарлайды Kursiv Media.
Әкімдік дерегінше, қазірге сағатына 100 теңге деген тариф соңғы он жылдан мүлде өзгермеген. Бірақ сол уақыт ішінде қаладағы көлік саны бір миллионнан асып, жол-көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме де көбейді.
Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, қазір автотұрақтардың бәрінде бірдей тариф, тиісінше, қала орталығында бос орын табу қиын. Жүргізушілер тұрақ іздеп, көшелерді бірнеше рет айналып жүруге мәжбүр. Осы мәселені шешу үшін автотұрақтарға үш түрлі баға бекіту ұсынылды.
Дегенмен тұрғындарға арналған жеңілдік сақталады. Ақылы автотұрақ аумағында тұратын үй иелері арнайы рұқсат алып, үй маңындағы тұрақты тегін пайдалана алады. Қолданыстағы басқа да жеңілдіктер сақталады.
Жоба авторларының пікірінше, тарифті көлік жүктемесіне қарай өзгерту тұрақ орындарының тиімді пайдаланылуына мүмкіндік береді. Яғни көлік көп жиналатын жерлерде жүргізушілердің ұзақ уақыт тұрақтап тұруы азайып, қысқа уақытқа көлік қоятын адамдарға бос орын табу жеңілдейді.
Автотұрақты тегін пайдалана алатын адамдар тізімін мына жерден көруге болады.
Оқи отырыңыз: «Медеу» мұз айдыны маңындағы автотұрақтың құны өзгерді
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026