Нұрай Серікбай өлімі: апелляциялық сот 24 қыркүйекте өтеді
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс апелляциялық сатыда 24 тамыз сағат 10:00-де қаралады. Бұл туралы жас қыздың ағасы Сұлтан Серікбай хабарлады.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сот Аймаханды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»), 125-бабының 1-бөлігі ( «некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-бабының 2-бөлігі («сталкинг») бойынша толық кінәлі деп тапты.
Одан бөлек Аймахан Нұрайдың отбасына 25 млн теңге моральдық өтем және адвокат қызметіне жұмсалған 5 млн теңгені төлеуі қажет.
Содан кейін сотталғанның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді.
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылдың 11 қаңтары қаза тапты. Сот материалдарына сәйкес, қызға 35 рет пышақ жарақаты салынған. Аймахан оқиғадан екі күн өткен соң ұсталған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қыркүйек 2026