Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жанармайды ең аз тұтынатын бес гибрид көлік – рейтинг

kz.kursiv.media

Жанармайды ең аз тұтынатын бес гибрид көлік – рейтинг

Гибрид көліктер бензинмен жүретін автомобильдер мен электромобильдердің арасындағы тиімді балама саналады. Jalopnik порталы EPA деректеріне сүйеніп, 2026 жылдың алғашқы жартысында АҚШ-та жақсы сатылған, жанармайды ең аз тұтынатын бес гибрид көліктің рейтингін жасады. Үздік бестікке Toyota-ның бірден төрт моделі кірген.

Бірінші орында Toyota Camry тұр. Алдыңғы жетекті LE нұсқасы аралас циклде 100 шақырымға 4,6 литр жанармай жұмсайды. 2026 жылдың алғашқы алты айында АҚШ-та Camry гибридінің 179 мың данасы сатылған.

Автокөлік 2,5 литрлік қозғалтқышқа негізделген гибридті күштік қондырғымен жабдықталған. Оның жалпы қуаты 225 ат күшіне жетеді. Ал толық жетекті нұсқасының қуаты 232 ат күші болғанымен, жанармайды ең аз тұтынатыны – алдыңғы жетекті нұсқа.

Екінші орынға жаңа Toyota RAV4 жайғасты. 2026 модельдік жылынан бастап модель гибридті нұсқамен ұсыныла бастады. Алдыңғы жетекті нұсқасы 100 шақырымға 5,5 литр жанармай жұмсайды, ал күштік қондырғысының қуаты 226 ат күшін құрайды.

2026 жылдың алғашқы жартысында АҚШ-та 118 мың гибрид RAV4 сатылған. Толық жетекті нұсқасының қуаты 236 ат күшіне жетеді, алайда оның жанармай шығыны да жоғары.

Үшінші орынға Honda CR-V Hybrid жайғасты. Оның жанармай шығыны 100 шақырымға 5,9 литрді құрайды. Алдыңғы жетекті нұсқасының қуаты 204 ат күшіне жетеді. 2026 жылдың алғашқы алты айында гибрид нұсқасының 124 мың данасы сатылған.

CR-V АҚШ нарығындағы ең танымал көліктердің бірі саналады. Осы кезеңде бензинді нұсқаларын қоса есептегенде, модельдің 226,1 мың данасы сатылған.

Төртінші орында Hyundai Tucson Hybrid тұр. Алдыңғы жетекті ең үнемді нұсқасы 100 шақырымға 6,2 литр жанармай жұмсайды. Гибридті күштік қондырғының жалпы қуаты 231 ат күшіне жетеді.

2026 жылдың алғашқы жартысында Hyundai компаниясы АҚШ-та Tucson моделінің барлық нұсқасын қоса есептегенде 117,6 мың көлік сатқан. Тамыз айында компания кроссовердің бесінші буынын таныстырды. Жаңа модель де гибрид нұсқамен ұсынылады.

Үздік бестікті рейтингтегі жалғыз минивэн Toyota Sienna түйіндейді. Көлемі мен салмағына қарамастан, оның алдыңғы жетекті гибрид нұсқасы 100 шақырымға 6,5 литр жанармай жұмсайды. Модель 2,5 литрлік қозғалтқыш пен электр қозғалтқыштарынан тұратын күштік қондырғымен жабдықталған. Жалпы қуаты – 245 ат күші.

2026 жылдың алғашқы алты айында АҚШ-та Toyota Sienna көлігінің 55,2 мың данасы сатылған.

Осылайша, үздік бестіктің төрт орнын Toyota модельдері иеленді. Ал рейтингтегі ең үнемді көлік шағын қалалық хэтчбек емес, үлкен седан – Toyota Camry болды. Рейтингке АҚШ нарығында жақсы сатылған модельдер ғана енгізіліп, олар жанармай шығыны бойынша салыстырылған.

Тағы да оқыңыз: Қандай жүрілген көліктерді сатып алмаған жөн – маман кеңесі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар